Skip to content
Қазақстан және Ресей  XXI өңіраралық<br />ынтымақтастық форумы

Қазақстан және Ресей XXI өңіраралық
ынтымақтастық форумы

2025 ж. 11-12 қараша, Орал қ.
Қазақстан және Ресей  XXI өңіраралық<br />ынтымақтастық форумы Қазақстан және Ресей  XXI өңіраралық<br />ынтымақтастық форумы
Қазақстан және Ресей  XXI өңіраралық<br />ынтымақтастық форумы

Форум туралы

Форум ұзақ жылдар ішінде Ресей мен Қазақстан өкілдерінің тұрақты диалог алаңына айналды.

Форум қонақтары үшін мазмұнды іскерлік бағдарлама ұсынылады. Онда цифрландыру, көлік және логистика, өнеркәсіп пен энергетика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, аймақтарда жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруға бағытталған серіктестік мүмкіндіктері, атомдық және дәстүрлі энергетика салалары бойынша мамандар даярлау, заманауи агротехнологияларды оқыту секілді өзекті тақырыптар талқыланады.

ФОРУМ БАСТАЛУҒА ДЕЙІН ҚАЛҒАН УАҚЫТ:
00 КҮН | 00:00:00

Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғысөзі

Нариман Турегалиев

Құрметті Қазақстан–Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумының қонақтары!

Сіздерді құтты мекеніміз – Батыс Қазақстан облысында көргеніме шын жүректен қуаныштымын! Бұл форум Орал қаласында үшінші мәрте өткізіліп отыр және баршамыз үшін алар орны ерекше.

Жыл сайын өткізілетін форум – Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікке негізделген өзара сенім мен тиімді ынтымақтастықтың беріктігінің айғағы.

Екі ел арасында өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту бағытында жұмыстар әлі де жалғасады. Сондай-ақ, көптеген мәселелер Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия тарапынан қарастырылуда.

Биылғы форумның негізгі тақырыбы – «Жұмысшы мамандықтар – экономиканы дамытатын қозғаушы күш». Бұл мамандықтар өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика салаларының дамуына серпін беріп қана қоймай, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың берік негізін қалыптастырады.

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы еліміздің дамыған индустриялды-аграрлық өңірлерінің бірі болып есептеледі. 2025–2030 жылдары жалпы құны шамамен 2,2 трлн теңгеге тең 70-тен астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл 9 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Облыс аумағында әлемдегі ең ірі мұнай, газ және газ конденсаты кен орны — Қарашығанақ орналасқан.

Аталған форум өңіріміздің дамуына, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері арасындағы іскерлік серіктестікті барлық басым салалар бойынша нығайтуға жаңа серпін беретініне сенемін.

Екі елдің игілігі үшін форум қатысушыларына қойылған міндеттер мен мақсаттарды орындауда үлкен табыс тілеймін!

Құрметпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев

Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғысөзі

Ұйымдастырушылар

logos
logos
Гүлзана Серікова

Гүлзана Серікова

«М.Тынышпаев атындағы ALT University» университетінің иесі

Серік Жартыбаев

Серік Жартыбаев

Павлодар қаласы Ақпараттық технологиялар колледжінің басшысы.

Әсет Мұханбетов

Әсет Мұханбетов

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры

Серік Имашев

Серік Имашев

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Бас инженері — Басқарма Мүшесі

Алёна Славкина

Алёна Славкина

«Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ (Astana Hub) Білім беру бағдарламалары офисінің директоры

Қанат Тіреуов

Қанат Тіреуов

Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ басқарма төрағасы-ректоры.

Асқар Нәметов

Асқар Нәметов

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры.

Иван Мельников

Иван Мельников

«Батыс Қазақстан облысы IT қауымдастығы» ЗТБ төрағасы, «Web-Design.kz студиясы» ЖШС директоры

Сергей Сергиенко

Сергей Сергиенко

Ресей Цифрлық министрлігі Жасанды интеллект және ауқымды деректерді дамыту департаментінің директоры

Андрей Ерёмин

Андрей Ерёмин

В.И. Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медицина университетінің ректоры

Светлана Кумова

Светлана Кумова

Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің Қолданбалы ақпараттық технологиялар және коммуникациялар институтының директоры

Екатерина Ижмулкина

Екатерина Ижмулкина

Агроөнеркәсіптік кешенді кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі Ресей академиясының ректоры

Бауржан Асанов

Бауржан Асанов

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы

Темірлан Өтегенов

Темірлан Өтегенов

«Kazakhmys Energy» ЖШС бас директоры

Сапар Тоқсанов

Сапар Тоқсанов

«Astana IT University» Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

Дәурен Ғабдуллаев

Дәурен Ғабдуллаев

«TORUS.KZ» компаниясының негізін қалаушы

Батырбек Mусин

Батырбек Mусин

«KAZWATER» су пайдаланушылар, су тұтынушылар және су көлігі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті

Иван Горлов

Иван Горлов

Орынбор облысы цифрлық даму және байланыс министрінің бірінші орынбасары

Technical Director,  “US ENGINEERING” LLP

Technical Director, “US ENGINEERING” LLP

Technical Director, “US ENGINEERING” LLP

Ирина Парецкая

Ирина Парецкая

Ресей Федерациясы Цифрлық дағдылар мен білімді дамыту департаменті директорының орынбасары

Ажар Амирова

Ажар Амирова

«Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы» компаниясының атқарушы директоры

Наиля Исхакова

Наиля Исхакова

Орынбор облысы Еңбек және халықты жұмыспен қамту министрі

Коваленко Вячеслав

Коваленко Вячеслав

Орынбор облысы Білім министрінің орынбасары

Гольм Андрей

Гольм Андрей

«Оренбургские минералы» АҚ бас директоры

Никита Озеров

Никита Озеров

«Ю. А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру ұйымына қарасты Энергетика институтының директоры

Феликс Мицкевич

Феликс Мицкевич

Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінің Цифрлық трансформация департаментінің директоры

Кузнецов Андрей Алексеевич

Кузнецов Андрей Алексеевич

«Глобал мониторинг» ЖШС директоры

Жигульская Оксана

Жигульская Оксана

Астрахань облысының «Астрахань мемлекеттік политехникалық колледжі» мемлекеттік кәсіптік білім беру мекемесінің директоры

Александр Федонников

Александр Федонников

В. И. Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медицина университетінің ғылыми істер жөніндегі проректоры

ПРОГРАММА

09.00 – 10.00

Іскерлік кеңеске қатысушыларды тіркеу. Кофе-брейк

10.00 – 11.30

Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің отырысы «Индустрияландыру мен импортты алмастырудың қозғаушы күші ретінде жұмысшы мамандықтарын дамыту»

13.00 – 14.00

Панельдік сессияларға қатысушыларды тіркеу

14.00 – 15.30

«Цифрлық экономика және жасанды интеллект: технологиялық серпіліс үшін мамандар даярлау»

14.00 – 15.30

«Энергетика және өнеркәсіп: жаңа экономикаға қажетті жаңа құзыреттер»

15.30 – 16.00

Кофе-брейк

16.00 – 17.30

«Көлік және логистика – жұмысшы кадрлар транзиттік экономиканы дамытатын қозғаушы күш»

16.00 – 17.30

«Көлік және логистика – жұмысшы кадрлар транзиттік экономиканы дамытатын қозғаушы күш»

ПРОГРАММА

Серіктестер

Partner Logo
Partner Logo
Partner Logo
Partner Logo
Partner Logo
Partner Logo
Partner Logo
Partner Logo
Partner Logo
Partner Logo

Өтетін орны

Орал қаласы, 
5-ықшамаудан, 12/2,
“Атамекен” Өнер Ордасы

Орал қаласы,
Самал көшесі, 134
“Жайық Арена”